Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Ихсан ілімінің негізі» тақырыбында семинар өтті

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 20.05.2026 83 0 пікір
Маңғыстау: Ихсан ілімінің негізі» тақырыбында семинар өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы аясында имамдардың білімі мен біліктілігін арттыру жоспарына сәйкес, ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ермек Қасболатұлы және ҚМДБ Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Серікханұлы Маңғыстау облысына арнайы іссапармен барды.

Іссапар аясында өңірдегі қала, аудан және ауыл мешіттерінің имамдары мен дін қызметкерлеріне арналған бірқатар танымдық семинарлар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, наиб мүфти «Ихсан ілімінің негізі» тақырыбында семинар өткізіп, исламдағы рухани кемелдену, көркем мінез, жауапкершілік және дін қызметкерінің қоғам алдындағы міндеті жайында кеңінен насихат айтты.

Сонымен қатар ҚМДБ-ның Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Серікханұлы «ChatGPT және жасанды интеллектті заманауи құрылғыларда пайдалану» тақырыбында семинар өткізіп, жасанды интеллекттің мүмкіндіктері, цифрлық сауаттылықты арттыру және ақпараттық технологияларды діни салада тиімді қолдану бағытында маңызды мәліметтермен бөлісті.

Сондай-ақ, наиб мүфти Ермек қажы Қасболатұлы дін қызметкерлеріне «ҚМДБ-ның концептуалды құжаттары» тақырыбында арнайы семинар жүргізді. Танымдық жиында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы ҚМДБ қабылдаған құжаттардың діни тұрақтылықты нығайтудағы маңызына тоқталса, наиб мүфти діни саладағы жауапкершілік пен дәстүрлі құндылықтарды насихаттаудың өзектілігін ерекше атап өтті.

Кездесу соңында дін қызметкерлері өзара пікір алмасып, көкейдегі сауалдарына жауап алды.
       

       

      

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру