Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО Дін қызметкерлері республикалық аттестаттаудан өтуде

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 07.10.2026 1091 0 пікір
ШҚО Дін қызметкерлері республикалық аттестаттаудан өтуде

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысының дін қызметкерлері облыстық «Халифа Алтай» мешітінде кезекті республикалық аттестаттаудан өтуде.

Аттестаттау дін қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін саралау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Сынақ барысында имамдардың Құран, ақида, фиқһ, Ислам тарихы секілді діни ілімдермен қатар, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңнамасы мен қазақ халқының салт-дәстүрлері бойынша білімі бағаланады.

Аттестаттау компьютерлік тестілеу және ауызша сынақ түрінде өтуде.

Аттестаттау комиссиясының құрамында ҚМДБ Дін істерін талдау бөлімінің меңгерушісі Асан Әбдіқұлұлы, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы, Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі және білікті ұстаздар бар.








Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру