ҚМДБ-ның «Дін мен дәстүр» бағыты аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған «Дін мен дәстүр – ұлттық тәрбиенің қос тірегі» атты облыстық семинар өтті.
Тағылымды шараны Маңғыстау облысының Бас имамы Әнуар Ізімбайұлы ашып, отбасының қоғамдағы маңызы, әкенің отбасындағы жауапкершілігі мен ананың бала тәрбиесіндегі орны туралы ой қозғады.
Семинар барысында ҚМДБ РАНТ мүшесі Серікжан Рымханұлы, «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облысы бойынша бас кеңесшісі Қарашаш Қадыр және бірлестіктің Маңғыстау облыстық филиалының директоры Айнахан Есетова баяндамалар жасады.
Жиынға ақ жаулықты аналар, ардақты ақсақалдар, мешіт жамағаты мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Басқосу барысында отбасы бірлігі, ата-ана тәрбиесі, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүр сабақтастығы, сондай-ақ әке мен ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі кеңінен талқыланды.
Семинардың негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау, ұрпақ тәрбиесіндегі әке мен ананың рөлін айқындау және ұлттық тәрбие мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу.
Шара соңында елдің амандығы, халықтың тыныштығы мен бірлігі, отбасылардың берекесі және ұрпақтың игілігі үшін дұға жасалды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
09.10.2026
60
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру