ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен жүргізіліп жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тазалық акциясына Алматы қаласы бойынша мешіттері атсалысып, Баум тоғайында тазалық жұмыстары атқарылды.
Алматы қаласының Бас имамы Төлеби Дәділұлы бастаған мешіт қызметкерлері мен қалалық Дін істері басқармасы мен түрлі дін өкілдері бірлесе Баум тоғайында тазалық жұмыстарын жасады. Шара барысында қоқыстар шығарылып, демалыс аймағын қураған күзгі жапырақтардан тазартты. Сонымен қатар өскін ағаштар қысқартылып, жасыл-желек суарылды. Мешіт жамағаты мен дін қызметкерлері белсенділік танытып, қала тұрғындары мен қонақтарының жайлылығы үшін игі жұмыстар атқарылды.
Шараға қатысушыларға шаһардың бас имамы Төлеби Дәділұлы ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға үлес қосқан әрбір жанға алғысын айтты. Сонымен қатар тазалық мәдениетін насихаттап, тұрғындарды қолдау білдіруге шақырды.
Айта кетсек, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тазалық акциясына Алматы мешіттері мен жамағаты тұрақты түрде қатысып, жылдың төрт мезгілінде қала тазалығына үлес қосуда.





























ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
azan.kz
13.10.2026
125
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру