Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Құрбан айтқа орай арнайы жиын өтті

Шығыс Қазақстан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 19.05.2026 55 0 пікір
ШҚО: Құрбан айтқа орай арнайы жиын өтті

Құрбан айт мерекесіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шығыс Қазақстан облысы өкілдігіне қарасты өңір имамдарының жиыны өтті. Басқосу Өскемен қаласындағы «Әл-Фараби» мешітінде ұйымдастырылды.

Жиын барысында ең әуелі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің Құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде өткізуге қатысты арнайы тапсырмасы өңір имамдарына таныстырылды.

ҚМДБ-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бас имамы Думан Нәдірұлы Құрбан айт мерекесінің рухани маңызына тоқталып, өңір имамдарына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Сонымен қатар жиында Құрбан айт намазын өткізу, құрбан шалу рәсімдерін шариғат талаптарына сай ұйымдастыру, қайырымдылық шараларын күшейту және мешіттердің мерекелік дайындығы мәселелері кеңінен талқыланды.

Басқосуға қатысқан имамдар алдағы мерекелік іс-шараларды жүйелі түрде өткізу бойынша өзара пікір алмасты.



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру