Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

15 Мамыр 2026

28 Зулқағда 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ШАВКАТ МИРЗИЁЕВПЕН БІРГЕ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАҢА МЕШІТТІ АРАЛАП КӨРДІ

Ақорданың баспасөз қызметі 15.05.2026 894 0 пікір
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ШАВКАТ МИРЗИЁЕВПЕН БІРГЕ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАҢА МЕШІТТІ АРАЛАП КӨРДІ

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырластық байланыс және рухани ынтымақтастық нышаны ретінде Түркістанда бой көтерген мешітпен танысты.

Құлшылық үйінің орталық залында Құран оқылды. Іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да қатысты.

Мешіт Өзбекстан Президентінің Түркістан тұрғындары мен барша қазақстандықтарға тартуы ретінде салынған.

Ғимаратта дәстүрлі ислам элементтері заманауи құрылыс технологияларымен үйлесім тапқан. Қасбеті мен ішкі аумағы ұлттық ою-өрнекпен және мұсылман каллиграфиясымен безендірілген. Мұнаралардың биіктігі – 61 метр.

Ғибадат орны жаңа инженерлік желілермен жабдықталған. Сондай-ақ абаттандырылған аумақта жарықтандыру жүйелері, демалыс аймақтары, субұрқақтар бар.









Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру