Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: «Пәтуа берудің жауапкершілігі мен әдіснамасы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 09.05.2026 92 0 пікір
Атырау: «Пәтуа берудің жауапкершілігі мен әдіснамасы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды

Атырау өңірінің имамдарына «Пәтуа берудің жауапкершілігі мен әдіснамасы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы жүргізді.

Жиын барысында пәтуа берудегі жауапкершілік, шариғи үкім шығарудың әдебі, қазіргі қоғамдағы діни сұрақтарға жауап беру әдістері және дәстүрлі діни танымның маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, дін қызметкерлерінің халықпен жұмыс жүргізудегі ұстанымдары мен діни мәселелерде сақтық таныту қағидалары сөз болды.

Семинар соңында имамдар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, тәжірибелік пікір алмасу өтті.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру