Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде кейінгі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болар тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған жиынға ғасыр жасаған, кешегі қанды майданға қатысқан ардагерлер Қасымхан Алдабергенов пен Ділдәбек Сансызбайұлы, сондай-ақ соғыс жылдары тылда жанқиярлық еңбек еткен ардақты ақсақалдар мен апалар арнайы шақырылды.
Іс-шара барысында Бас имам Бектұрсын Уәлиев қонақтарды Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтап, соғыста қаза тапқан боздақтардың рухына Құран бағыштады.
Қостанай облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Батырбек Ахметов бастаған аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіліп, дастархан жайылып, сый-сияпат табысталды.
Жиын соңында абыз ақсақал Жандарбек Сейітов ақ батасын беріп, мешіт ұжымына ризашылығын білдірді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
08.05.2026
113
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру