Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкентте медресе-колледжіне арнайы көлік сыйға тартылды

Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 18.03.2026 562 0 пікір
Шымкентте медресе-колледжіне арнайы көлік сыйға тартылды

Қасиетті Ораза айт мерекесі қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қолдауымен Шымкент медресе-колледжіне арнайы көлік сыйға тартылды.

Аталған игі бастама аясында Шымкент қалалық орталық мешітінің қарамағындағы шағын автобус колледж игілігіне берілді.

Салтанатты шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов пен дінтанушы Мұхамеджан Естеміров қатысып, көліктің кілтін колледж директоры Әсембай Талғат Шайділлаұлына ресми түрде табыстады.

Бұл бастама – білім ордасына көрсетілген үлкен қолдау мен қамқорлықтың айқын көрінісі. Колледж ұжымы көрсетілген сенім мен қолдау үшін алғыс білдірді.



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру