Балдырғандардың қуанышын еселей түскен шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен «Зекет және қайырымдылық» қорының өңірдегі жауапты маманы Ержан Аманбаев қатысып, бүлдіршіндердің қолына сөмке мен оқу құралдарын табыстады.
Өз кезегінде облыстың бас имамы Асқар Зәкіржанұлы білім алудың артықшылығы мен жастарға берер пайдасы жайында насихат айтып, барлық бүлдіршіндерді жаңа оқу жылымен құттықтады. Әсіресе алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы отырған балаларға батасын беріп, демеу көрсетті.
Бұл бастама – жас буынға білімге деген құштарлық сыйлап, ізгі амалдың шынайы үлгісін паш етті.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Жамбыл облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
asyldin.kz
27.08.2025
1198
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру