Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.
Игі шара облыстық «Халифа Алтай» мешітінде ұйымдастырылып, жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан 300 балаға сөмке мен оқу құралдары табысталды.
Қайырымдылық акциясына өңір кәсіпкерлері демеушілік жасады. Сонымен қатар балалардың қуанышын еселеу мақсатында 400-ден астам бүлдіршінге балмұздақ таратылды.
Қайырымдылық шарасын ҚМДБ Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қоры үйлестіріп, жомарт азаматтарды атсалысуға жұмылдырды.
Шара соңында ата-аналар ұйымдастырушылар мен демеушілерге ризашылық білдіріп, мұндай бастамалардың балаларға үлкен қуаныш сыйлайтынын атап өтті.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
26.08.2025
1345
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру