Абай облысы бойынша мешіттер мен «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен жаңа оқу жылына орай қайырымдылық акциясы өтті.
Шара аясында Абай облыстық «Абай Құнанбайұлы» орталық мешітінде 280 балаға мектепке қажетті құралдар үлестірілді. Жалпы, тамыз айының басынан бері облыс мешіттері 825 оқушыға мектеп сөмкелері мен оқу жабдықтарын сыйға тартты. Сонымен қатар, бірқатар аудан және қала мешіттері әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға ақшалай көмек көрсетіп, балаларды мектеп формасымен қамтамасыз етті.
Іс-шара барысында ҚМДБ Абай облысының Бас имамы Асқар Әбітайұлы оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім алудың маңызы туралы насихат айтты.
Сонымен қатар, қайырымдылық шарасына демеушілік танытқан «Kancler Semey» дүкенінің басшылығына алғыс білдірді. Дүкен тарапынан 100 балаға арнайы мектеп сөмкелері сыйға тартылды. Алла Тағала демеушілердің еңбегіне береке берсін!







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Абай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
alashdin.kz
25.08.2025
1131
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру