Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Құрбан айт мерекесі аталып өтті

Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 09.06.2025 518 0 пікір
ШҚО: Құрбан айт мерекесі аталып өтті

Шығыс Қазақстан облысында Құрбан айт мерекесі салтанатты түрде аталып өтті. Мереке аясында өңір мешіттерінде діни, мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырылды.

Айт намазы барлық мешіттерде таңертең оқылып, мерекелік уағыздар айтылды. Жамағатқа ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы құттықтауын облыс бас имамы Думан Нәдірұлы жеткізді.

Құрбан шалуға арналған орындарда санитарлық талаптар сақталып, мал сою рәсімдері арнайы қасапшылардың қатысуымен өтті. Мал бағалары жергілікті әкімдік пен дін өкілдерінің бақылауында болды.

Мешіт ауласында ұлттық өнер мен мәдениетке арналған бағдарламалар ұсынылып, ақындар айтысы өткізілді. Сонымен қатар қазақ күресі, гір көтеру сынды ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.

Қайырымдылық шаралары аясында құрбандық еттері мұқтаж отбасыларға таратылып, қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Барлық шаралар жергілікті әкімдік, дін қызметкерлері және еріктілердің бірлескен қолдауымен жүзеге асырылды.






Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру