Ақмола облысының «Науан хазірет» орталық мешітінде Айт мерекесіне орай шәкірттерге арнайы шай дастарқаны берілді.
Шара барысында уағыз айтылып, түрлі қызықты ойындар ойнатылды. Жастар мерекелік шарадан ерекше әсер алып тарқасты. Мерекелік дастарқан басында Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит жамағатты Айт мейрамымен құттықтап, қасиетті Рамазан айы бойы ауызашар ұйымдастырып, мешіттің түрлі қызметтеріне атсалысқан жандарға ризашылығын білдірді. Сондай-ақ сексеннен аса қызметкерге алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табысталды.
Бұл шара жамағаттың бірлігін нығайтып, қайырымдылық пен ізгілікті насихаттауға бағытталған игі дәстүрдің жарқын үлгісі болды.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
nasihat.kz
01.04.2025
2597
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру