Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанайдағы Қадір түні

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі akmechet.kz 28.03.2025 1589 0 пікір
Қостанайдағы Қадір түні

Жылдағы үрдіске сәйкес барлық мешіттерде осы түнді жоспар бойынша өткізу қалыптасқан. Облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде халық көп жиналып, қасиетті түн өз деңгейінде ұйымдастырылды.

Алдымен Құранды осы имандылық ордасына жақында ұстаздық қызметке кіріскен қари Мұртаза Ертайұлы мен республикалық қарилар медресесінің ұстазы Мұхаммедали Сәдуақасұлы оқыды. Содан кейін тарауық намазындағы хатым Құранның аяқталғандығына байланысты батаны

Қостанай облысының бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы жасады. Ол Рамазан айында жамағаттың көңілінен шығып, бойларындағы білім-біліктерін Құранды толық оқып, қажыр-қайраттарын аямай жұмсаған Қариларға ілтипат ретінде иықтарына шапан жауып, көпшіліктің атынан ақшалай сыйлықты тарту етті.

Бектұрсын Уәлиев бастаған имамдар Қадір түнінінің қадір-қасиеті жайлы жиналғандарға мазмұны терең, тыңдауға ұғынықты уағыз айтты. Сондай-ақ жиналған қауымның діни білімін шыңдау мақсатында танымдық викториналық сұрақ-жауап ойындары өткізілді. Жеңімпаздарға, мешіттің бес уақыт намазына тұрақты қатысқан жамағатқа және ауызашар барысында белсенді қызмет көрсеткен шәкірттерге Құран және діни кітаптар табыс етілді. Тәсбих намазы оқылып, еркін құлшылық жасауға мүмкіндік берілді.

Қадір түнінің құрметіне мешіттің асханасында сәресіге арналған дастархан жайылды. Содан кейін таң намазы оқылып, жұртшылық жоғары көңіл-күймен тарасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру