Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Рамазан айында 4 отбасы баспаналы болды

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 28.03.2025 1611 0 пікір
Маңғыстау: Рамазан айында 4 отбасы баспаналы болды

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен «Ел – үлесі пәтерге» жобасы аясында 4 отбасы баспаналы болып, жаңа қонысқа кірді.

Аталмыш жоба аясында 2 пәтер Ақтау қаласынан берілсе, 1 пәтер Мұнайлы ауданынан, 1 пәтер Жаңаөзен қаласындағы жалғызбасты аналарға, көпбалалы, асыраушынан айрылған отбасыға «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында табысталды.

Сондай-ақ, «Зекет және қайырымдылық» қорының Маңғыстау облысы бойынша жауапты маманы Іздібай Бегенұлы баспаналы болған отбасыны жаңа қоныстарымен құттықтап, береке тіледі.

Қасиетті Рамазан айында мейірімділікке үндейтін берекелі жобаның жүзеге асырылуына атсалысқан жомарт жандарға Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің атынан алғысымызды білдіреміз! Алла сауапты істеріңізді қабыл етсін!

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру