Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАДІР ТҮНІ: «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ҚАРИЛАР МАРАПАТТАЛДЫ (ФОТО)

Астана қаласы өкілдігі muslim.kz 27.03.2025 2059 0 пікір
ҚАДІР ТҮНІ: «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ҚАРИЛАР МАРАПАТТАЛДЫ (ФОТО)

Мың айдан да қайырлы Қадір түні «Әзірет Сұлтан» мешітінде Рамазан айында тарауық намазын өткізіп, көпшілікті Құран нәрімен сусындатқан қарилар жамағат алғысына бөленді.

Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов қариларды марапаттап, алғысын білдірді. Қазақы дәстүрмен иықтарына шапан жауып, сауапты амалдары үшін Алладан мол берекет тіледі. Жамағат арасындағы көнекөз қариялар мен ақ сақалды абыздар батасын беріп, қарилар көптің ыстық ықыласына бөленді.

Айта кетсек, қасиетті түннің құрметіне «Әзірет Сұлтан» мешіті жамағат үшін арнайы бағдарлама әзірленді. Жамағатқа арнайы викториналық ойын өткізіліп, әуезді Құран оқылып, қарилармен сұхбат жүргізілді. Ал таң намазы уақыты жақындағанда мешітке келген жамағатқа сәресі таратылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру