Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Бас имам баспасөз жиынын өткізді

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 28.02.2025 2188 0 пікір
Қызылорда: Бас имам баспасөз жиынын өткізді
Қызылорда облысының бас имамы Дастан Жанасұлы Рамазан айына қатысты баспасөз мәслихатын өткізді.
 
Жиында қасиетті айға арналған жұмыс жоспарымен бөлісіп, «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында және Наурыз мейрамына орай өңір мешіттерінде ұйымдастырылатын іс-шаралар легін баяндады. Жақында іске қосылған @MuftyatBot Telegram-ботын таныстырды. Сондай-ақ, оразаға қатысты шариғат талаптарын түсіндіріп, өзекті сұрақтарға жауап берді.
 
Айта кетейік, биыл Рамазан айы 1 наурызда басталады. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – ораза айт мерекесі. Биыл Рамазан айында 29 күн ораза ұстаймыз. Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының мөлшері 655 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады.
Қызылорда облысы бойынша 44 мешітте тарауық намазында Құран Хатым оқылады.
 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру