Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Жансарин Жезді және Кеңгір кентінің мешіт имамдарына қызметтік көліктің кілтін табыс етті.
Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен тарту етілген көлік кілтін табыстау кезінде бас имам Бейбіт Бақытжанұлы кәсіпкерлерге алғысын білдіріп: «Жомарт жандардың Алла Тағаланың разылығын іздеп, дінге жанашырлығын білдіруі көпке – өнеге, қоғамға – насихат. Дінімізде садақаның бұл түрін уақып деп атайды. Алла Тағала жомарттық жасап, мешіт қызметіне деп жасаған жақсылыққа разы болғай» деген жүрекжарды тілегін жеткізді.
Қос қуаныштың иесі, Жезді мешітінің бас имамы Медет Серікұлы мен Кеңгір кенті мешітінің бас имамы Мейіржан Мақатұлы да дін жанашырларына алғысын жеткізіп, кәсіптеріне береке тіледі.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру