Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Кәсіпкер аудандық мешітке көлік сыйлады

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 08.01.2025 2470 0 пікір
БҚО: Кәсіпкер аудандық мешітке көлік сыйлады

Батыс Қазақстан облысында дін жанашыры кәсіпкер Мұрат Орынбайұлы Бәйтерек аудандық «Жұбан Молда» мешітіне су жаңа көлікті сыйға тартты.

«Сыйға берілген бұл көлік мешіт қызметінен бөлек, діни рәсімдерді өткізу үшін аудан, ауылға қатынайтын имамдардың жұмысын да біраз жеңілдетпек. Мешіт қызметкерлері еш қиналмастан ұлтымызға, асыл дінімізге аянбай қызмет етіп жүре берсін. Жақсылығымыз көп болсын!» дейді Мұрат Орынбайұлы.

Осы бір қуанышты сәтке ортақ болған БҚО бас имамы Самат Әлібаев атымтай жомарт жанға шексіз ризашылығын білдіріп, кәсібіне береке тіледі. Өз кезегінде Бәйтерек ауданы «Жұбан Молда» мешітінің бас имамы, құлшылық ордасының кем-кетігін жөндеп, шаруашылық қызметін қатар алып жүрген азамат Алмат Әмірұлы үлкен сауапты іске мұрындық болған азаматқа алғысын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру