«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында ҚМДБ Әйел-қыздар секторы Маңғыстау облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Жақсы келін – ырысым» атауымен өңірлік келіндер сайысы өтті.
Сайысқа Ақтау мен Жаңаөзен қалаларынан және облыс аудандарынан барлығы 9 келін қатысты. Келіндердің өнеріне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы, Алматы қаласы өкілдігінің жауапты өкілі Гүлмира Ілесбайқызы, Маңғыстау облысы бойынша жауапты маман Ұлдәулет Қоңыратбайқызы және «Асыл аналар» әжелер мектебінің төрайымы Ақзер Ағаділова анамыз қазылық етті.
Келіндер сайысы бес кезеңнен тұрды:
1-кезең – «Тегін білу – тектілік», яғни өзін таныстыру сайысы;
2-кезең – Өнер көрсету сайысы;
3-кезең – «Дәм-думан» сайысы;
4-кезең – «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбындағы сұрақ-жауап сайысы;
5-кезең – «Кимешегім – киелім» атты сән байқауы.
Сонымен қатар сайыста Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешіті шәкірттерінің қатысуымен «Бесік жыры – қазынам» атты қойылым көрсетілді. Аналарымыз бесіктің қасиеті мен киесін халыққа таныстырып, келіндеріміз әлди айтып, бесік жыры шырқалды.
Өнер сайысында келіндер бірінен бірі өткен өнерлерін көрсетіп, бірі домбырамен күй ойнап, бірі үйінен әзірлеп келген қолөнер бұйымдарын көрсетіп жатты.
«Дәм-думан» сайысында келіндеріміз ұмыт болып бара жатқан ұлттық тағамдарды, атап айтар болсақ, «Өрметөстік», «Үлпершек», «Бұжы», «Әсіп» дайындап келіп елді сүйсіндірді.
I орын – Ебосинова Ақтоты (100 мың теңге);
II орын – Тасқынбаева Жадыра (60 мың теңге);
III орынды Саркаскаева Разия (40 мың теңге).
Өзге келіндер болса «Салт дәстүрге бай келін», «Үлгілі келін», «Заманауи келін», «Пысық келін», «Өнерлі келін» атанып, номинациялар бойынша сыйлықтарға ие болды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру