Атырауда мешіт жамағаты арасында үстел теннисінен облыстық турнир өтті.
Спорттық бәсекеге Атырау қаласы аудандардағы мешіттер бойынша үміткерлер қатысты. Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының айтуынша, спорттық шараның мақсаты – жамағат арасында салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен бірге ауызбірлікті нығайту.
Турнир қорытындысымен бірінші орынды Атырау қаласындағы «Ықылас» мешіті жеңіп алды. Екінші орын Мақат ауданына бұйырды. Үшінші орынды Махамбет ауданы мен облыстық «Иманғали» орталық мешіті өзара бөлісті.
Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар берілді.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі
amin.kz
29.11.2024
2237
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру