
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған «Darhan Dala» жобасы бойынша Алматы облысы Балқаш ауданының имамдары тарихи өлкетану мұражайына саяхат ұйымдастырды.
«Darhan Dala» жобасының басты мақсаты – халық арасында дін мен дәстүрімізге сай киелі,тарихи орындарды зиярат ету мәдениетін қалыптастыру, тарихи, киелі орындарға рухани тур ұйымдастыру. Осы орайда ауыл имамдары мұражайдағы көне жәдігерлермен қатар тарихтан сыр шертетін тың ақпараттармен таныс болды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру