Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Жамбыл облысындағы «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығының жаңа директоры тағайындалды.
Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы Қордай ауданы Масаншы ауылындағы «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығының жаңа директоры Саламат Салимұлын көпшілікке таныстырып, Бас мүфти бұйрығын оқып берді.
«Бекітілген бұйрыққа сәйкес «Саламат Салимұлы Қордай ауданы, Қасық ауылдық, «Құдайберген» мешітінің молдасы қызметін сақтай отырып, «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығының директоры болып тағайындалсын», – деген Бейбіт Әліпбекұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық лебізі мен ықыласын жеткізіп, елімізде Құран жаттаған қари-хафиздердің көп болуын тіледі.
Сонымен қатар, жаңа директордың қызметіне сәттілік тілеп, қарилар орталығының жұмысын ары қарай дамытып, жетілдіруді тапсырды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру