Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесі Ұлытау имамдарына семинар өткізді

Ұлытау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі ahnaf.kz 25.11.2024 1505 0 пікір
РАНТ мүшесі Ұлытау имамдарына семинар өткізді

ҚМДБ Ұлытау облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен РАНТ мүшесі Нұралы Бақытұлы бірнеше іс-шараға қатысты.

Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінде Нұралы Бақытұлы Ұлытау облысы имамдарына уағыз айту бойынша семинар өткізді. «Алла Тағаланың Құрандағы: «Адамдарды Раббыңның жолына даналық және көркем үгіт арқылы шақыр» – деген бұйрығына сай даналықпен амал қылу керек. Әр сөздің айтылу керек тұсы болады. Сөзіңіз тұшымды болу үшін дәстүрдің құндылығын да дұрыс түрде насихаттай білген жөн» – дей келе, Нұралы ұстаз өз тәжірибесін бөлісті. Семинарға облыс бойынша барлық имам офлайн-онлайн түрде қатысты.

Іс-сапар барысында Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінде «Исламдағы ихсан ілімінің көрінісі» тақырыбында, Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінде «Ер адамның әйелі алдындағы ақысы» тақырыбында, Сәтбаев қалалық «Сәдуақас Ошақұлы» мешітінде «Пайғамбарымыздың мұсылмандарға шапағаты» тақырыбында насихат жасады. Ал Жезқазған медресесінде өткен әйел жамағатымен жүздесуде Нұралы ұстаз қасиетті Құран жайлы насихат айтты.

Сонымен қатар Нұралы ұстаз «Жезқазған қаласының полиция департаменті», «Ішкі істер министрлігінің Жезқазған қалалық күзет бөлімі», «Жезқазған бизнес және көлік колледжі» секілді мемлекеттік мекемелерде де насихат қылып, аудитория тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Іссапар соңында Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінде «Тазалық – денсаулық кепілі» тақырыбында жұма уағызын жүргізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру