ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Елбек Тасболатұлы Павлодар облысына іссапарында имамдар және пәтуаға жауапты мамандармен кездесті.
Жиында қазіргі уақытта жаңадан шыққан пәтуалар туралы, пәтуаны беру тәсілдері, оның ережелері, тәртіптерін баяндап түсіндірді. Өйткені қазіргі уақытта пәтуаға байланысты көптеген сұрақтар туындап, әлеуметтік желілерде де жиі айтылуда. Сонымен қатар, кім пәтуа беруге лайықты, не нәрсеге жүгіну керек, қандай бағыттарды ұстану керек деген мәселе көтерілді. Соңында пәтуаға қатысты мамандардың сұрақтарына жауап берілді.
Сапар барысында РАНТ мүшесі орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде жамағатқа уағыз өткізіп, сауалдарына жауап берді. Сонымен қатар Екібастұз қалалық мешітінде болып, құптан намазынан кейін уағыз өткізді. Өз уағызында Елбек Тасболатұлы исламдағы береке- бірлік, ынтымақ және дәстүрдің діндегі орны туралы кең көлемде айтып түсіндірді.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
mazhab.kz
22.11.2024
1618
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру