Жетісу облысы Талдықорған қаласында діни бірлестік жетекшілері клубының кезекті IV отырысы өтті.
Басқосуға облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов, облыстық дін істері басқарма басшысы Сағыныш Жаңабай, облыс бас имамы Керімбек Дәуітов, аудан-қала бас имамдары, түрлі дін конфессия жетекшілері, қоғам белсенділері қатысты.
Қатысушылар ашық микрофон алдында сөз алған соң, қоғам дамуына үлес қосқан дін жетекшілеріне облыс әкімі атынан «Құрмет грамотасы» табысталды, олардың қатарында Жетісу облысының бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы да бар.
Сонымен қатар, облыс әкімінің Алғыс хаты, облыс әкімі орынбасарының Алғыс хаты, «Жоғары рухани қызмет» номинациясы, «Үлгілі діни ғибадатхана», «Үздік діни қызметкер» номинациялары бойынша да дін қызметкерлері марапатталды.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Жетісу облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
taglim.kz
22.11.2024
2329
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру