Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесі – Ұлытау облысында

Ұлытау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі ahnaf.kz 19.11.2024 1818 0 пікір
РАНТ мүшесі – Ұлытау облысында

ҚМДБ Ұлытау облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Елбек Тасболатұлы имамдардың білімі мен біліктілігін арттыруға арналған семинар өткізіп, бірнеше айтулы іс-шараға қатысты.

Семинарда облыс имамдары «Исламдағы талас-тартыс мәселелер» бойынша қазіргі қоғамда маңызды деген түйткілді мәселелер бойынша біліктілігін арттырды. РАНТ мүшесі семинарға қатысқан барлық имамға сертификат табыстады.

Сонымен қатар Елбек Тасболатұлы Жезқазған, Сәтбаев қалалық мешіттерінде кешкілік уағыз-насихат жүргізді. Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінде басталған насихат Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінде жалғасты. Қазіргі уақытта актуалды болған «Мұсылманның жоғары мақсат қоюы» тақырыбында тұшымды ойларын бөлісті. Сәтбаев қалалық «Сәдуақас Ошақұлы» мешітінде шәй-уағызға қатысып, білімін сұрақ-жауап форматында бөлісті.

Іссапар барысында РАНТ мүшесі «№62 түзету мекемесінде» де үгіт-насихат жүргізді. Келелі мәселелер бойынша біршама тақырып қозғап, топтық және жекелеген кездесулер жүргізді. Одан бөлек облыс орталығында орналасқан Жезқазған университеті жастары мен Жезқазған политехникалық колледж студенттерімен кездесті. Кездесу барысында «Ислам дініндегі жастар ролі» тақырыбы қозғалды.

Іссапар соңында Елбек Тасболатұлы Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінде жұма уағызын жүргізді. Насихат «Шәкәрім қажының ар ілімі» тақырыбы аясында өрбіді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру