ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша елордадағы «Ұлытау» спорт кешенінде ұлттық спорт түрлерінен «Салауатты жамағат» сайысы өтті.
Шараға ҚМДБ Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлы, Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов, Астана қаласы Дін істері басқармасының Діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы Басир Сұлтанбейбарс Асанұлы және елорда мешіттерінен құралған командалар атсалысты.
Жамағат арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақты арттыруға және ұлттық спорт түрлерінен насихаттауға бағытталған сайыста асық ату, садақ ату, арқан тартыс, ләңгі тебу, кір (гир) көтеру, қол күрес ойындары ойнатылды. Сондай-ақ жас айтыскер ақын Назар Мисалбек арнайы арнау айтты.
І орын – Республикалық бас мешіт;
ІІ орын – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті;
ІІІ орын – «Төлебай» мешіті.



































ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Астана қаласы өкілдігі
muslim.kz
12.11.2024
1159
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру