
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі және облыстық дін істері басқармасына қарасты «Ихсан» орталығының ұйымдастыруымен жергілікті жамағат арасында ауызбіршілікті нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қазақ күресінен «ЖАМАҒАТ БАРЫСЫ» спорттық сайысы өтті.
Аталған доданы облыстың бас имамы Амантай Садиев ашып, жиналған жамағаттан құралған әрбір спортшыға сәттілік тіледі.
«Ислам діні қоғамын қуатты да айбынды болуы үшін, спортқа ерекше көңіл аударып, онымен айналысуға шақырады. Қасиетті Құранның 42 жерінде «қуат» сөзі кездеседі. Әбу Һурайра жеткізген хадис-шәріпте хазреті пайғамбарымыз Мұхаммед осы мәселеге байланысты:«Екеуінде де өз қайыры болса да, қуатты мүмін Аллаға, әлсіз мүміннен жақынырақ және сүйіктірек», – дегенін ескеруіміз керек», - дей келе, исламдағы татулық пен бірлік туралы да баяндады.
Сайыс барысы екі салмақ дәрежесі бойынша өткізілді (80 кг ға дейін, 80 кг жоғары). Әрбір жарысқа қатысушы азамат сағат 09:00 ден бастап салмақ өлшеуге жіберілді. Салмақ дәрежесіне қарай 80 кг дейін және 80 кг жоғары болып екі топқа іріктелді. Аталған сайыстың бас төрешісі қазақ күресінің ережелерін толық түсіндіріп өтті. Сонымен қатар сайысқа қатысушыларға Ақтөбе облысының тұрғыны болуы, кәсіби спорт шеберлері мен арнайы жаттықтырушылар санатынан болмауы керек деген шарттар қойылды. Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, қаржылай сертификаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру