Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әл-Фараби» мешіті Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығын атап өтті

muslim.kz 11.11.2024 449 0 пікір
«Әл-Фараби» мешіті Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығын атап өтті

Елордадағы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде халық ақыны, сазгер Кенен Әзірбаевтың туғанына 140 жыл толуына орай рухани жиын өтті.

«Жай кезде анау дейміз, мынау дейміз,

Ауырсақ, жан қысылса Құдай дейміз.

Өмірге әкелетін, әкететін,

Алланың жазғанына не етеміз», - деп жырлаған ақын Кенен Әзірбаевтың айтыстары, жыр-дастандары, аңыз-әңгімелері өз алдына бір төбе болса, әндері мен өлеңдері өз алды на мол дүние.

Ізгі шара мешіт жамағатына сайын даламыздың ұлы тұлғаларын, олардың шығармашылығын, елге, дінге, тілге арналған туындыларын кеңінен таныстыру мақсатында өткізілді. «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, қари Жұманазар Садырханов рухани жиынды қасиетті Құран аяттарымен бастап, иісі қазақтың ақындық-жыршылық  дәстүрін ұлықтаған ән кемеңгерінің рухына Құран бағыштады.

Ұрпағына телегей теңіз мол мұра қалдырған ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған жиынға арнайы келген Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, қазақ әдебиетін зерттеуші Серік Негимов Кенен Әзірбаевтың тұлғалық бейнесі мен оның еңбектері жайлы арнайы баяндама жасады. Ақынның жыршылық, сал-серілік өнеріне ғылыми тұрғыдан жан-жақты сипаттама берді.

Жиынға қатысушы жамағат қазақ ғұламасының көпшілікке беймәлім тұстарымен, шығармаларымен танысып, ол жайлы тарихи мәліметтерге қанықты. Мешіт жамағаты халық ақынының ұрпақтары, баласы Бақытжан Кененұлы және немерелерімен жақынырақ танысып, ардақты әке туралы жылы естеліктеріне қанық болды. Мешіт ұжымы ақын ұрпақтарына және қонақтарға естелік сый-сияпат тарту етті.

f02c7766 93e8 4a3d 87c2 40c3658075fcf8e22d94 83a2 4cf0 a8ea 715bf6b9f638a372e1ca a7af 415d 9425 61317f1e1b4e84db639d 667d 4221 a746 4eabe6541d99

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру