ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау директоры Айбек Асқарбекұлы мен технолог Нұрбек Қанатұлының Ұлытау облысына іссапары барысында жергілікті кәсіпорындарда аудит жұмыстарын жүргізді.
Бақылау-қадағалау шараларына Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы мен халалдың жергілікті өкілі Дархан Бейсенбаев та қатысты.
Аудит барысында «Uly Dalal Co.» қасапханасы, «Жанболат» шаруа қожалығы, «Nur», «Al Halal», «Адал дәм» жартылай фабрикаттар дайындайтын кәсіпорын цехтары, «Маки-маки» фаст-фуд дәмханасы, «Safi» кондитерлік кәсіпорны тексерілді. Бақылау-қадағалау аясында бекітілген халал стандарты талаптарының сақталуы, қолданыстағы шикізаттар мен тағамдық қоспалардың адалдығы, өндіріс орнының тазалығы, құжаттамасы қадағаланды. Сондай-ақ кәсіпорын өкілдеріне халал стандарты талаптарына сай жұмыс жасау үшін нақты ұсыныстар мен кеңестер беріліп, шариғат нормаларын қатаң сақтауға шақырды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру