Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасына сәйкес, студенттер мен оқытушы ұстаздардың деңгейін және әлеуетін көтеру мақсатында «Шымкент» медресе-колледжінде мерекелік һәм игі іс-шара ұйымдастырылды.
Игі шараға «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, шаһар бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров, жеке кәсепкер Нұрлан Молбосынов, аталмыш оқу ордасының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бейбіт Сақтағанұлы, медресе ұстаздары мен студенттері қатысты.
Ұйымдастырылған басқосуда «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай мен дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров сөз сөйлеп, қолдау көрсеткен жеке кәсепкер Нұрлан Аманкелдіұлына алғыс айтып, кәсібіне береке тіледі.
Айта кетсек, аталмыш оқу орынның ерлер және қыздар бөлімінің 650 студенті мен 90 қызметкеріне өте сапалы қыстық сырт киім (күрте) сыйға берілді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру