ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Ақмола облыстық жауапты мамандары қыз-келіншектерге арнап «Адамзаттың кемеңгері» атты рухани мәуліт кешін өткізді.
Кеш Алланың кәләмін оқумен және Пайғамбарға салауат айтумен бастау алды. Қазақтың дәстүрімен шашу шашылды. Кеште Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері «Ай, мұсылман жарандар!» және тағы басқа жырларды жатқа оқыды. Ал, мешіт шәкірттері ғибратты көрініс қойып, көптің көңілінен шықты.
Бұдан кейін рухани қызықты ойындарға ұласып, кештің көрігі қызды. «Жақия» мешітінің ұстазы Гүлнәр Өмітбек және «Науан хазірет» мешітінің ұстазы Әйгерім Мұрат ұлық пайғамбарымыз туралы уағыз айтты. Кеш соңында Құранға түскен шәкірттерге Құран кітаптары мен сертификаттар табыс етілді.
Рухани шара Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің ұстазы, ҚР Мәдениет саласының үздігі Эльмира Төлебаеваның «Ата-ананың қадірі» термесімен түйінделді.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
nasihat.kz
05.11.2024
2442
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру