Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жыл басындағы бағдарлық баяндамасындағы тапсырмаға сәйкес Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Көксай ауылындағы «Құртқа» мешітінің жанынан студенттер үйі ашылды.
Ашылу салтанатына Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Ринат Маратұлы, Қарасай аудандық «Түркістан – 1» мешітінің бас имамы Дәуренбек Жандосұлы және ауыл ақсақалдары мен мешіт жамағаты қатысты.
Студенттер үйінің ашылуы Қасиетті Құран Кәрім оқумен басталды. Ринат Маратұлы Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының құттықтау сәлемін жеткізіп, алғысөз сөйледі. Аудан имамы Дәуренбек Жандосұлы сөз алып, құрылыс барысына атсалысқан жандарға ізгі тілегін білдірді. Жиын соңында жиналған көпшілікке арнайы дастархан жайылып ас берілді.









\


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
hilal.kz
05.11.2024
1572
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру