ҚМДБ Шығыс Қазақстан облысы өкілдігінің бастамасымен Өскемен қаласында қала, аудан имамдарына «Qamqor-sharapat» салттық қызмет орталығының семинары өтті.
Жиынға ҚМДБ «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет орталығының директоры Мейрамбек Рсымов арнайы қатысты.
«Зираттарды цифрландыру мәселесін іске асырып жатырмыз. Бұл жұмыс аса маңызды. Зираттарды бір стандартқа түсіру, зират әдебін насихаттауды қолға алынып, бұл бағытта шаралар жүйелі атқарылып жатыр. Салттық қызмет орталықтары арнайы көлікпен қамтамасыз етілуде. Мазар салу мәселесі тоқтап, қазір зираттарды бір үлгіде тұрғызу ісі басталды. Осы шаралардың барлығы Діни басқарма тарапынан атқарылып жатыр» дей келе, бірқатар маңызды бағыттарды түсіндірді.
Ол сонымен қатар салттық қызмет атқарудың маңыздылығын имамдарға түсіндіріп, сауалдарына жауап берді. Атаулы жиында имамдар зират әдебі, жаназа және жерлеу рәсімдерін бір қалыпқа түсіру, науқандарда ысырапшылдыққа жол бермеу қатарлы мәселелерден дәріс тыңдады. Сонымен қатар семинарда имамдарға өңірде жасалатын діни рәсімдерді бірізді болдырып, ҚМДБ-дан берілген стандарт аясында жерлеу рәсімдерін атқару маңыздылығы түсіндірілді.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
furqan.kz
04.11.2024
1657
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру