ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы бойынша «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Қостанай облысындағы кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстарын жүргізді. Бақылау-қадағалау шараларына халалдың жергілікті өкілі Алишер Балахмет те қатысты.
Аудит барысында «Beef export group» ет комбинаты, «Север ет», «Қостанай агро продукт» қасапханалары тексерілді. Тексеріс барысында мал бауыздау және союға қойылатын «QMDB Halal» стандарты талаптарының орындалуы мен сақталуы назарға алынды. Сондай-ақ, Малды қолмен, әрі, «Бисмиллаһ» айтып бауыздауы, бір малдың көзінше өзге малды соймауы, мал етін өңдеу, сақтау, сату, тасымалдау секілді процесстердің барлығында халал стандарт талаптарының жүйелі жүзеге асуы ескерілді.
Сонымен қатар, Айбек Асқарбекұлы мен облыстың бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы жергілікті имамдарға халал турасында семинар өткізді. Онлайн және офлайн форматта өткен семинарға қала, аудан, ауыл имамдары мен мешіт қызметкерлері қатысты.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
akmechet.kz
04.11.2024
1495
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру