Өткен жұмада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен наиб мүфти Кенжетай Дүйсенбай Қостанай өңіріне арнайы іссапармен барды.
Алдымен наиб мүфти облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде өңір имамдарымен жүздесіп, дін қызметкерлеріне «Имамның тұлғалық келбеті» семинарын өткізді. Бұл семинардың бір ерекшелігі, оған шалғайда тұратын имамдар онлайн форматта қатысуға мүмкіндік алды.
Бұдан кейін Кенжетай Байкемелұлы облыстық орталық мешітте «Уақып –сауабы үзілмейтін садақа» тақырыбында жамағатқа жұма уағызын жүргізді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
akmechet.kz
04.11.2024
1799
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру