
ҚМДБ Жастар ісі секторының барлық өңірде атқарылатын жылдық жоспарына сәйкес Алматы орталық мешітінде жастар жамағатымен кездесулер өтті.
Сектор меңгерушісі Бағыжан Күзекбай мешіт жастарымен еркін форматта сұхбат құрып, әртүрлі тақырыптарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бағыжан Ерболатұлы қазіргі қоғамның дерті болған зиянды әдеттер – құмар ойындары, лудомания, геймблинг, нашақорлық, алаяқтық және т.б. тақырыптарда насихат айтып, жастарға ағалық ақыл-кеңесін берді.
«Еліміздің егемендігі мен тыныштығын сақтап қаламыз десек, жастардың білімді әрі иманды болмағы маңызды. Сауатты жас буынның иманды болуы қоғамның тыныштығына, ізгілік пен әділеттің салтанат құруына жол бастайды. Ал бұл өз кезегінде зиянды әдеттерден аулақ болу, оған мүлдем жоламау арқылы көрініс табады» дейді сектор меңгерушісі.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру