Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елорда имамдарына уағыз айтудың әдебі жайлы семинар өтті

Астана қаласы өкілдігі muslim.kz 01.11.2024 1291 0 пікір
Елорда имамдарына уағыз айтудың әдебі жайлы семинар өтті

Астана қаласының имамдары уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті жөнінде өткен семинарға қатысты.  

Жиында ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров дін қызметкерлеріне насихат жасаудың жолдарын, оның әдептері мен уағыз айтудың түрлері және басқа жағдаяттарын түсіндіріп өтті.

Уағыз айту – адамдарға дінді жеткізудің бір жолы. Уағызды көпшілікке жеткізу үшін имамның айтатын насихаты жан-жақты, тақырыптан ауытқымай әрі терең мазмұнды әрі шешендік өнермен түсінікті етіп айтылуы керек. Уағыз айту үлгісін жоғары дәрежеде орындау – мұсылман үмбетінің сауаттылығын арттыруға, жан-жақты тұлға, әрі отаншыл азамат болып қалыптасуына, дінаралық бірлік пен татулыққа ықпал ету арқылы мемлекет іргесінің бүтіндігіне қызмет етуге үлес қосады.

Айта кетейік, Астана қаласында өткен І республикалық уағызшылар форумында арнайы құжат қабылданған болатын. Тұғырнамада халық арасында уағыз айтып, жамағатқа адал мен арамды түсіндіріп жүретін имамдарға қажетті ереже-қағидалар қамтылған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру