Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Ауданаралық «DINTELLECT-24» білім сайысы өтті

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 30.10.2024 1246 0 пікір
Алматы: Ауданаралық «DINTELLECT-24» білім сайысы өтті

ҚМДБ Алматы өкілдігі бойынша Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен ауданаралық «DINTELLECT-24» интеллектуалды білім сайысы өтті. 

Медеу ауданы «Әл-Хамит» мешітінде өткен «DINTELLECT-24» интеллектуалды білім сайысын ҚМДБ Жастар ісі секторының Алматы қаласы бойынша жауапты маманы Тимур Әлиев жүргізді. Ал білім сайысына қазылық еткен РАНТ мүшесі, Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Қуаныш Әбішев, PhD докторант, «Қалқаман» мешітінің бас имамы Руслан Қамбар және «Омар ибн Хаттаб» мешітінің наиб имамы Асқар Дарханбаев қатысушылар білімін анықтап, әділ бағасын берді. Сайыс барысында әр ауданның жастар жамағатынан құралған топ мүшелері дін, тарих, мәдениет, дәстүрге қатысты логикалық сұрақтарға жауап беру арқылы өз білімдерімен сынасты. Білім сайысының жеңімпаздарын марапаттауға Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан және ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Бағыжан Күзекбай арнайы қатысты. 

Тартысты өткен кездесу қорытынды есебі бойынша:

1-орын Медеу ауданы 70 000 теңге;

2-орын Алатау ауданы 50 000 теңге;

3-орын Наурызбай ауданы 30 000 теңге қаржылай сыйақылармен марапатталды. 

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы «DINTELLECT-24» білімді насихаттау бағытындағы үлкен жобаға атсалысқан қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру