Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Имамдар «Хадис әдіснамасы» семинарына қатысты

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 29.10.2024 800 0 пікір
БҚО: Имамдар «Хадис әдіснамасы» семинарына қатысты

ҚМДБ Батыс Қазақстан облыстық өкілдігіне қарасты мешіт имамдары «Орал» медресе-колледжінде өткен «Хадис әдіснамасы» семинарына қатысты.

Үш күнге созылған семинарда қалалық «Тәжиден Батырұлы» мешітінің наиб имамы Е.Кенжин дәріс оқыды. Семинарда Хадис ілімінің тарихы, Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінің жинақталу және кітаптарға жазылу барысы, жарх және тағдил ілімі, хадис терминологиясы, хадистердің тізбегі мен мәтініне байланысты жіктелуі мен түрлері сынды бірқатар дәрістер өтті.

Ислам дінінде Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистері Құран Кәрімнен кейінгі екінші орында тұрады және шариғаттың негізгі қайнар көзі саналады.

Білім мен біліктілікті ұштауға негіз­делген іс-шара мешіт имамдарына арналған діни біліктілікті арттыру курсымен жалғасын тапты. Бұл курста имамдарға тәжуид ережелері, махраж, діни рәсімдер кезінде оқылатын дұғалар мен құран сүрелерін қатесіз оқу бойынша дәрістер жүргізілді. Курс мақсаты діни рәсімдерді атқарудағы бір ізділікті қалыптастыру болмақ. Кезекті оқу курсын 20 имам-молда тәмамдады. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру