ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Медет Құрмашұлы Алматы облысының орталығы «Қапшағай» мешітінде имамдардың біліктілігін арттыру семинарын өткізді.
Семинарда дәстүрлі құндылықтар және деструктивті діни ағымдардың идеологиясын ұстанушылармен жүргізілетін жұмыстың негізгі әдістері туралы жан-жақты қамтылды. Қоғамда деструктивті діни ағымдардан сақтану, дәстүр мен діннің үйлесуі жайлы тақырыптарға негізделген насихат жұмыстары жүигізілді. Сонымен қатар хадис ілімі жайлы жан-жақты мағлұмат берді. Ұлы имам Әбу Ханифаның хадистерге сай ұстанымын, хадистерді қабылдау шарттарын, кейбір сахих хадистерді негізге алмауының себебі жайында жеткізді.
Сондай-ақ сапар барысында РАНТ мүшесі «Қапшағай» мешітінде жұма уағызын айтты. Ұлттық мереке Республика күнімен тұспа-тұс келген қасиетті жұма күні «Отанды сүю – иманнан» тақырыбында жамағатқа насихат айтқан Медет Құрмашұлы жамағатты туған ел мен жерді қадірлеуге шақырды. Одан бөлек мешіт жамағаты арасында жас отбасын құрған ер-азаматтармен кездесу өткізді. Кездесу барысында ислам дініндегі отбасы мәселелері мен дәстүр құндылығын тілге тиек етті. Жамағат көкейіндегі отбасы мәселелеріне қатысты сұрақтарына толыққанды жауап берді.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
hilal.kz
28.10.2024
2274
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру