Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ХАЛАЛ ДАМУ: ШЫМКЕНТТЕГІ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛДІ

ҚМДБ «Халал Даму» орталығы halaldamu.kz 28.10.2024 1587 0 пікір
ХАЛАЛ ДАМУ: ШЫМКЕНТТЕГІ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы бойынша «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлы Шымкент қаласындағы кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстарын жүргізді.

Бақылау-қадағалау шараларына халалдың жергілікті Қазбек Сарыбаев пен технолог Аружан Аралбай да қатысты.

Аудит барысында, «Маки-маки» фаст-фуд желісі, «Steak field» дәмханасы, «СПК Алма» шұжық цехы, «Аймар құс» фабрикасы, «Ет агро Манкент» қасапханасы, «Magnum» сауда орындарында халал стандарты талаптарының сақталуы қадағаланды. Және де өңірдегі сегіз қасапшыға  «QMDB Halal қасапшы» куәлігі табысталды. 

Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне халал турасында семинар өткізіліп, халал сертификаттарын алу процесі, халал өнімдерді нарықта таныту және халал стандартына сәйкес өнім өндірісінің тиімділігі  жөнінде кеңінен түсіндіріліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру