
Жақында «Glencore» компаниясының өкілдері Ақмола облыстық «Науан хазірет» мешітіне ат басын арнайы бұрды. Оның негізгі себебі – осы мешіт салына бастағанда бұл компания да өз үлесін қосқан екен. Енді араға бірнеше жыл салып, компания өкілдері мешіттің тыныс-тіршілігімен, сәулетімен танысуға арнайы келді.
Бас имам Қуаныш Сәбит қонақтарға мешіттің сәулетін көрсетіп, атқарып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті. Ең бастысы, бұл имани сананы қалыптастыруға үлес қосатын рухани орталық саналады. Сондықтан елдің бірлігі мен ынтымағын жарастыру дін адамының да басты міндеті іспеттес. Бұдан кейін дастархан басында емен-жарқын әңгіме өрбіді. Елдік жайлы ойлар ортаға салынды.
Айта кетейік, Көкшетау қаласындағы «Науан хазірет» мешіті өзінің сәулетімен де ерекшеленеді. Еліміздегі Алтын Орда дәуіріндегі мешіттерге ұқсатып салынғасын қазақы нақышымен де көз тартады. Сырттан келімді-кетімді қонақтар да мешітті араламай кетпейді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру