Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АСТАНА ЖАСТАРЫ «ҚАЖЫМҰҚАН» ТАРИХИ КӨРКЕМ ФИЛЬМІН ТАМАШАЛАДЫ

Астана қаласы өкілдігі muslim.kz 24.10.2024 1816 0 пікір
АСТАНА ЖАСТАРЫ «ҚАЖЫМҰҚАН» ТАРИХИ КӨРКЕМ ФИЛЬМІН ТАМАШАЛАДЫ

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Жастар ісі секторының Астана қаласы бойынша мамандарының мұрындық болуымен «Қажымұқан» тарихи көркем фильміне сеанс ұйымдастырылды.

Шараға Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов, ҚМДБ Жастар ісі секторының жетекшісі Бағыжан Күзекбай, сектордың Астана қаласы бойынша жауапты маманы Рахымжан Жолдас және басқа да мешіттің белсенді жастары қатысты.

Жастар қауымы Алла берген туа бітті қабілетін, өнері мен өмірін өз елі үшін сарп еткен бабамыздың сара жолына тағы бір куә болды. Көрермен көркем фильмнен мол ғибрат алып, ұлт перзентінің ұмытылмас өнегелі істерін еске түсірді. 

10 қазаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіліп жатқан «Qajymuqan» фильмі режиссер Қанағат Мұстафин тарапынан ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.

Айта кетсек, Қажымұқан Мұнайтпасов – француз күресінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ, әлемдік, өңірлік, ресейлік, кейін Бүкілодақтық супер ауыр салмақтағы классикалық күрес чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру