Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ «ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» ҚОРЫ «ЖЫЛУ СЫЙЛА» АКЦИЯСЫН БАСТАДЫ

«Зекет және қайырымдылық» қоры zeket.online 24.10.2024 1821 0 пікір
ҚМДБ «ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» ҚОРЫ «ЖЫЛУ СЫЙЛА» АКЦИЯСЫН БАСТАДЫ

Еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күніне орай Астана қаласында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Жылу сыйла» қайырымдылық акциясы басталды.

Нақты айтқанда, елорда сыртында орналасқан саяжайлар мен елдімекендерде тұратын әлеуметтік аз қамтылған, жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға 30 тоннадан астам көмір үлестіріліп, тұрғындардың  жүректеріне қуаныш, баспаналарына жылу сыйлады. Өз кезегінде тұрғындар ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.

Сонымен қатар, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының қолдауымен «ABAQUS-DARYN» (білім қоры) жеке қорына да көмір таратылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру