
ҚМДБ Ұлытау облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен имамдардың білімі мен біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті.
Аталған семинарға РАНТ мүшесі Нұрсұлтан Мамедалиев арнайы келіп, дәріс оқыды. Облыс имамдары «ақида мәтіндері» бойынша қазіргі қоғамда маңызды деген түйткілді мәселелерге сәйкес біліктілігін арттырды. Семинарға қатысқан барлық имамдар сертификатпен марапатталды.
Нұрсұлтан Орынбасарұлы Ұлытау облысында Жезқазған, Сәтбаев қалалық мешіттерінде насихат жүргізді. Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінде жамағатқа ауызбіршілік хақында баяндаса, Сәтбаев қалалық «Сәдуақас Ошақұлы» мешітінде жиылған жамағатқа құранның жинақталуы жайында көркем насихат айтты. Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы Нұрсұлтан ұстазға алғыс айтып, сый көрсетті.
Іссапар барысында «№62 түзету мекемесінде» де үгіт-насихат жүргізді. Ақида мәселелері бойынша біршама тақырып қозғап, аудитория тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Үш күнге созылған іссапар соңында Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінде жұма уағызын жүргізді. Насихат «Нығметке шүкір ету – имандылық белгісі» тақырыбы аясында өрбіді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру