Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы Түркістан облысына жұмыс сапары барысында «Сарыағаш» медресе-колледжіне арнайы барып, студенттерімен кездесті.
Жүздесу барысында студенттерге ихсан құндылықтары, көркем мінез, кішіпейілділік, қоғаммен тығыз байланыста болу және білім алу жолында тәкәппарлықты тәрк ету сияқты тақырыптарды кеңінен түсіндіріп өтті. С
онымен қатар, студенттер өздерінің ойында жүрген әртүрлі сұрақтарын қойып, Кенжеәлі Қоңыратбайұлынан тұшымды жауаптарын алды. Жиын соңында наиб мүфти студенттерге білім жолында сәттілік тілеп, дұға жасады.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
23.10.2024
1448
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру