Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Жат ағымның алдын алу жұмыстары

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі akmechet.kz 22.10.2024 1449 0 пікір
Қостанай: Жат ағымның алдын алу жұмыстары

Жуырда Қостанай облысының бас имамы Бектұрсын Уәлиев бастаған бір топ имам өңірдегі Лисаков қаласына арнайы іссапармен барып, жергілікті тұрғындармен маңызды кездесулер өткізді.

Алғашқы жүздесу шаһардағы қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкерлерімен өткізілді. Онда «Терроризм мен діни экстремизмнің қауіптілігі және Қазақстан Республикасындағы конфессияаралық қатынастардың дамуы» тақырыбы бойынша Тобыл қаласынан келген теолог Азамат Мурзаканов орыс тілінде, Денисов аудандық «Жұма» мешітінің бас имамы Еркебұлан Қошан қазақ тілінде түсінік жұмыстарын жүргізді. Содан кейін Өрт сөндіру мекемесінде Қостанай қалалық «Марал ишан» және Тобыл шаһарындағы «Маңдай батыр» мешіттерінің бас имамдары Сабыржан Есмұрзин мен Дархан Сыздықов «Теріс ағымның Қазақстан жұртшылығына қауіптілігі» тақырыбын кеңінен әңгімеледі.

Сондай-ақ, Лисаков қалалық әкімдіктің қызметкерлерімен болған кездесуде Алтынсарин аудандық «Алдиярұлы Жанұзақ» және Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешіттерінің Бас имамдары Аңсаған Абдрахман мен Айбек Кабиев «Жат ағымның алдын алу» туралы қазақ және орыс тілдерінде толыққанды мағлұмат берді. Аталған жиындарға қатысушылар көптеген деректер мен дәйектерге қанығып, білікті дін қызметкерлеріне шынайы алғысын жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру